«Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің2021 жылғы 18 қазандағы №13 «Шектеу іс шараларын белгілеутуралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, «құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 27-бабына 1 – тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 2-18/288 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округіндегі «Абылай» ШҚ-да анықталған ірі қара малы арасында қарасан ауруын жою бойынша ветеринариялық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қазандағыдағы №13 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № болып тіркелген), шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы «Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін:
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Нұра ауылдық округінің әкімі                                              С.Шауенов

Шешім жобасы
Дата публикации
24 декабря 2021