Ырғыз ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (барлығы 63 қызмет) аудан әкімі аппаратының 14 құрылымдық бөлімімен көрсетіліп келеді. Оның 7-уі ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары болып табылады.
Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2021 жылдың III-тоқсанында 1319 қызметті құрады. Оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы -2, оның «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі бойынша 2-і электрондық үкімет веб-порталында қол жетімсіздігі салдарынан кеңсе арқылы қағаз түрінде Ал тек қана мемлекеттік қызметті берушілер арқылы көрсетілетін қызметтер саны -0;
- электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген қызметтердің саны -1083 қызмет.
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны -93, ал электрондық үкімет вебпорталы арқылы -141 қызметті құрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелмеген. Лицензиялауға қағаз түрінде өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен шағымдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны барлығы -1, түсіндірме іс-шаралары ретінде бір семинар-кеңес ұйымдастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапты 1 мемлекеттік қызметші есепті кезеңде біліктілігін арттыру семинарларынан өткен.