Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №367 «2021-2023 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7952 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
« 1) кірістер – 156 767,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 986 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 45 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –0 теңге;
трансферттер түсімі – 154 736,2 мың теңге;
2) шығындар – 156 870,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер –0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 103,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
103,5 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 103,5 мың теңге.».
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2021 жылға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджет арқылы республикалық және облыстық бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік ұйымдардың:үйде қызмет көрсету, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге -113 мың теңге;
мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 1 501 мың теңге;
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға-99 611 мың теңге.»
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні