«Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №371 «2021-2023 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың «2021-2023 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7951 болып тіркелген) №371 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
« 1. 2021-2023 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер –13 405 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 487 мың теңге;
салықтық емес түсімдер –10 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –0 теңге;
трансферттер түсімі – 12 908 мың теңге;
2) шығындар – 13 815,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер –0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -410,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
410,7 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу –0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 410,7 мың теңге.».
5-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2021 жылға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
алынып тасталсын;
жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге- 3 568 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                          Аты-жөні

Шешім жобасы
Дата публикации
12 ноября 2021