«Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №365 «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 5 қаңтардағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7949 болып тіркелген) №365 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
« 1. 2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер –335 067,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 16 106 мың теңге;
салықтық емес түсімдер –80 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –0 теңге;
трансферттер түсімі – 318 881,1 мың теңге;
2) шығындар – 335 503,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер –0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -436,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
436,7 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу –0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 436,7 мың теңге.».
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2021 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджет арқылы республикалық және облыстық бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік ұйымдардың:үйде қызмет көрсету, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге - 128 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге - 74 740 мың теңге.»;
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                         Аты-жөні

Шешім жобасы
Дата публикации
12 ноября 2021