Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №223 «Ырғыз ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5194 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағындағы «белгіленсін» сөзі «айқындалсын» сөзімен ауыстырылсын.
2. «Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі