Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7843 болып тіркелген) №359 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 5 416 706,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 596 204.1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 5 740 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –8 964 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 805 798,6 мың теңге;
2) шығындар – 5 672 094,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 31 624,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер –48 928,7 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –17 304 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -287 012,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 287 012,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 48 928,7 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 17 304,8 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 255 388,7 мың теңге.».
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 63 123 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға – 8 455 мың теңге;
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 208 мың теңге;
еңбек нарығын дамытуға – 196 705 мың теңге;
мемлекеттік ұйымдардың:үйде қызмет көрсету, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге – 9 738 мың теңге;
мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 21 783 мың теңге;
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және (немесе) аз қамтылған көпбалалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға – 8 350 мың теңге;
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға-246 186 мың теңге.».
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер түсетіні ескерілсін:
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға – 48 928,7 мың теңге.».
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
« 9. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы және нысаналы даму трансферттері түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 19 177 мың теңге;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге – 12 860 мың теңге;
нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға –12 300 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге –124 640 мың теңге;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін пайдалануды ұйымдастыруға – 71 077,5 мың теңге;
ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 111 893 мың теңге;
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға-27 353 мың теңге;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға- 97 048 мың теңге;
инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға -51 628 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға –8 274 мың теңге.».
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
« 10. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге – 832 мың теңге;
мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 1 501 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге – 74 640 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыруға – 237 073,7 мың теңге;
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға-273 539 мың теңге;
елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жұмыстарының сметалық құжатын дайындауға -1 000 мың теңге;
автомобиль жолдарын орташа жөндеудің сметалық құжатын дайындауға- 2 458 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге - 13 505 мың теңге;
жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге- 45 283 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.