«Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 29 наурыздағы №63 «Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттарын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың «Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттарын айқындау туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы №63 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3560 болып тіркелген) №63 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін, төлемақыны төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттары айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.»
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                                                    Аты-жөні

Шешім жобасы
Дата публикации
27 октября 2021