Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (Салық Кодексі)» Кодексін және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі №175 «Ырғыз ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 7404 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3.«Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ырғыз ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Әуелбаев