Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Құмтоғай сайлау округі
Құмтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 554 азамат енгізілді, олардың 510-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 24.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ералыұлы Ә. – 46;
Жұбаназаров Н.Н. – 348;
Омаров С.Б. – 92.

Жұбаназаров Нүркен Нұртайұлы, 1987 жылы дүниеге келген, Ырғыз ауданы әкімі аппатарының бас маманы, Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылының тұрғыны, «Қазақстан халық партиясы» ұсынған. Құмтоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 20 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылғы 19 қыркүйекте сайланған Ырғыз ауданының Құмтоғай ауылдық округі әкімін тіркеді.

Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 сентября 2021