«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2021 жылғы «19» қыркүйекте болған әкім сайлауының Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылдық округі қорытындылары туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1.Кандидат Жұбаназаров Нүркен Нұртайұлы 1987 жылы туған, Ырғыз ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Ырғыз ауылының тұрғыны Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
2.Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3.Тиісті куәлік берілсін.
20 қыркүйек 2021 жылғы
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы