Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында 364,8 млн.теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 108,0 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында 7499,6 млн. теңге немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 пайызға өсті.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 1746,3 млн. теңге, немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне-70,8 пайызы. Оның ішінде республикалық бюджет 90,0 (өткен жылы 704,1 млн.теңге) жергілікті бюджет 232,3 млн.теңге (өткен жылы 175,6 млн.теңге) жеке көздерден 1382,8 млн.теңге (өткен жылы 1535,1 млн.теңге), басқалай 41,1 млн.теңге, (өткен жылы -0) .
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 352,5 млн.теңге, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде -660,3 млн.теңге, немесе 51,9 пайыз.
Барлығы 7296 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 129,7 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 798 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,0 пайыз. Белсенді субъектілер саны-793 бірлік, немесе өткен жылға 105,9 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 996,6 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 114,7 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2021 жылдың қаңтар-шілде айларында 896 жаңа жұмыс орны ашылды, (2020ж-335), 1096 адам еңбекке орналасты (2020ж-1453), оның ішінде 577 адам ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталды (2020ж-552).
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 308,9 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 606,9 млн. теңге, немесе 196,5 пайызға орындалды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 148,3 пайызға немесе 197,8 млн.теңгеге өскен. Бюджет шығысы 100,0 пайызға атқарылды.