Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 шілдедегі №2-18/150 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1.Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округінің Жайсаңбай ауылындағы «Исатай мешіті» қыстағында орналасқан «ИДМ-КТА» шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малы арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2.«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы ТАӘ