Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 19 қыркүйекке тағайындалсын:
2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 21 тамыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 3 қыркүйекке жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
3. Құмтоғай ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 8 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
4. Осы қаулы Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.

Ырғыз аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы М.Сембі
Ырғыз аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Д.Қызбергенов

Ырғыз ауылы,
2021 жылғы 20 тамыз,
№ 16

Қаулы
Дата публикации
20 августа 2021