Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын:
2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 маусымнан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
3. Тәуіп ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
4. Осы қаулы Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.
Ырғыз аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы М.Сембі
Ырғыз аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов
Ырғыз ауылы,
2021 жылғы 25 маусым,
№ 9