Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы №10 "Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы" қаулысы

Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде
сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ырғыз аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы Тәуіп ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

1) Тәуіп сайлау округі- Тәуіп ауылдық округі аумағының шекараларында;
2. Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Ырғыз аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.

Ырғыз аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы М.Сембі

Ырғыз аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Д.Қызбергенов

Ырғыз ауылы,
2021 жылғы 25 маусым,
№10

Дата публикации
25 июня 2021