«Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №366 «2021-2023 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы

Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №366 «2021-2023 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №366 «2021-2023 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7962 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 77 632 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 436 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 40 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –0 теңге;
трансферттер түсімі – 75 156 мың теңге;
2) шығындар – 78 015,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер –0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 383,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
383,5 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 383,5 мың теңге.».
4-1-тармақта:
екінші абзацта:
«17 631» сандары «17 290» сандарымен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

НҚА жобасы
Дата публикации
21 мая 2021