Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №365 «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №365 «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7949 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 340 637 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 14 806 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 80 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –0 теңге;
трансферттер түсімі – 325 751 мың теңге;
2) шығындар – 341 073,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер –0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 436,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
436,7 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 436,7 мың теңге.».
6-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. 2021 жылға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге - 306 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыруға – 192 450 мың теңге;
автомобиль жолдарын орта жөндеудің сметалық есебін дайындауға – 2000 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге - 13 503 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.