2021 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында 205,5 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 97,6 пайыз.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында 3088,3 млн. теңге немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға өсті.
Инвестиция. Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 860,0 млн. теңге, немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне-127,0 пайызы. Оның ішінде жеке көздерден 818,2 млн.теңге (өткен жылы 655,6 млн.теңге).
Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,7 млн. теңге, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде -8,5 млн. теңге, немесе 31,9 пайыз.
Барлығы 3839 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 169,9 пайыз.
Кәсіпкерлік. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 789 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,4 пайыз. Белсенді субъектілер саны-782 бірлік, немесе өткен жылға 109,1 пайыз.
Бөлшек сауда. Бөлшек сауда айналымының көлемі 427,6 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 96,1 пайыз.
Жұмыспен қамту. 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында 533 жаңа жұмыс орны ашылды, (2020 ж - 411), 484 адам еңбекке орналасты (2020 ж - 411) 115,3 пайыз, оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны – 318 (162,2 пайыз).
Бюджет. Жергілікті бюджетке 90,8 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 369,5 млн. теңге, немесе 407,1 пайызға орындалды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 177,9 пайызға немесе 161,8 мың.теңгеге өскен.
Бюджет шығысы 99,7 пайызға атқарылды.

ӘЭД анықтамасы
Дата публикации
25 мая 2021