Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 19 мамырдағы №2-18/107 ұсынысы негізінде, Құмтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округінің Қарасай ауылына қарасты Кетік қыстағында орналасқан «Олжас» шаруа қожалығы, Қыдыр қыстағында орналасқан «Төлебай» шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Ә. Әлібекұлы

Шешім жобасы
Дата публикации
21 мая 2021