Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 36, 36-1 баптарына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау космиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз және Нұра ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы 4 маусымға тағайындалсын.
2. Ырғыз және Нұра ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 5 мамыр – 9 мамыр аралығында жүргізілсін.
3. Ырғыз және Нұра ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу 2021 жылғы 10 мамыр – 19 мамыр аралығында жүргізілсін.
4. Ырғыз және Нұра ауылдық округтер әкімдерінің сайлауға дайындық және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
6. Осы қаулы Ырғыз ауданының әкіміне және Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысына жіберілсін.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Сембі
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Д.Қызбергенов