«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу,сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты (Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2021 жылдың 31 наурызынан бастап Ақтөбе облысы қызыл аймақта), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68, 13.04.2021 жылғы №14 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы «МК Ақтөбе бөлімшесі» филиалының директорына, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына қамтамасыз ету:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар критерийлерін іске асыру және кәсіпкерлік объектілерінде "Ashyq" мобильдік қосымшасының пилоттық жобасын енгізу арқылы жүзеге асыруды.
Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызылға» көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймаққа «қызылдан» немесе «жасыл» аймаққа «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа ауысқаннан кейін 7 күннен кейін жүргізіледі;
2) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды;
3)бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы, орта және жоғарғы оқу орындарындағы асхана жұмысына тыйым салуды;
4) сабақтан тыс уақытта оқушыларды жеке оқытуға тыйым салуды;
5) облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілері мен шұғыл жағдайларды қоспағанда, күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салуды;
6) қасиетті «Рамазан» айы кезінде бір отбасының бірге тұратын мүшелері арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салуды;
7) қала саябақтарында, жағалауларында және скверлерінде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т.б.) жалға беруге тыйым салуды;
8) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып) және ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;
9) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, CОVID-19 ПТР-зерттеу болған жағдайда, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;
10) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) рұқсат беруді;
11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 21, 22 қосымшаларындағы талаптарды сақтай отыра авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ) жұмысына рұқсат беруді;
12) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 27 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды;
13) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, әуежай, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмін сақтауды;
14) қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу, мыналарды қоспағанда:
- бес жасқа дейінгі балаларды;
- қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда;
15) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайға, теміржол вокзалдары мен автовокзалдарға, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға, аялдама павильондарына, үйлердегі кіреберістер мен лифтілерге, ауладағы балалар алаңдарына және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді күшейтуді.
2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының білім басқармасына, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне 2017 жылғы 16 тамызындағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 10 тарауының талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмыс істеуін қамтамасыз етсін:
1) жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту форматында жалғастыруды (аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқитын бітіруші 9, 11, 12 - сыныптарын қоспағанда: пәндердің 70% – ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 25 адамнан артық емес, 1-сынып-1-кабинет қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және бетперде тәртібін сақтау));
2) 2021 жылғы 26 сәуірден бастап интернет байланысы жоқ ауылдық елді мекендердегі мектептерді қоспағанда, контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептердің оқушыларын қашықтықтан оқыту форматына көшіруді (осы тармақша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қолданылады);
3) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы типтегі мектеп-интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жұмысын 26 сәуірді қоса алғанда карантинмен жабық режимде ұйымдастырумен жалғастыруды;
4) жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беруді;
5) колледждердің I курс студенттерін қашықтықтан оқыту форматына көшіруді.
3. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, №1 және №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына:
1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 26 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, медициналық-әлеуметтік орталықтарында 26 сәуірді қоса алғанда карантинді ұйымдастыруды жалғастыру;
2) медициналық-әлеуметтік объектілерде карантин уақытында қызмет көрсететін персоналдың тұруы үшін жағдайлар ұйымдастыру.
4. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларына:
мониторингтік топтарымен объектілер мен қоғамдық көліктерде күндізгі және түнгі уақытта шектеу карантиндік шараларының орындалуына бақылау күшейтілсін.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.
5. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін:
1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың дене температурасын өлшеуді,ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды,стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды және күшейтілген дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды;
2) ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38 бабының 15 тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі лауазымды адамдардың құқықтары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен мамандарды тарту қағидаларына сәйкес халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары, уланулары кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тартуды.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына коронавирус инфекциясының ошақтарында лифтілерді, баспалдақ алаңдарын және лифтіге дейін және лифтіден кіреберістен шығуға дейінгі марштарды қамти отырып дезинфекциялауды; лифтілер болмаған кезде – КВИ-мен ауыратын науқастың пәтерінен кіреберістен шығуға дейінгі баспалдақ алаңдары мен марштарды қорытынды дезинфекция жүргізу кезінде 1 рет дезинфекциялауды қамтамасыз ету.
7. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасына:
1)БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы Ақтөбе облысының аумағындағы қатаң шектеу карантиндік шаралары туралы халықты жаппай хабардар етуді;
2)Өзгеріп отырған жағдайды және сырқаттанғандар санының өсуін ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіру мен орталықтандыру.
8. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

9. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 наурызындағы №ПГСВ-12 (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 31.03.2021 жылғы №ПГСВ-13, 03.04.2021 жылғы №ПГСВ-14, 09.04.2021 жылғы №ПГСВ-16) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
10.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
1) Осы қаулы 2021 жылғы 23 сәуір сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері                                                       Н.Беркімбаева

ПГСВ-17
Дата публикации
23 апреля 2021