Ырғыз ауданында 2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдамалық анықтама

Ырғыз ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (барлығы 97 қызмет) аудан әкімі аппаратының 14 құрылымдық бөлімімен көрсетіліп келді. Оның 7-уі ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары болып табылады.
Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2020 жылы 5430 қызметті құрады. Оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы -854, ал тек қана мемлекеттік қызметті берушілер арқылы көрсетілетін қызметтер саны -295;
- электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген қызметтердің саны -3581 қызмет.
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны -700, ал электрондық үкімет вебпорталы арқылы -780 қызметті құрады.
«2020 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау іс-шаралары жоспарына» сәйкес есепті кезеңде 12 ішкі бақылау шаралары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу 1 факті орын алған. Жауапты маманға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза және бөлім басшысына әкімшілік айыппұл шарасы қолданылған. Лицензиялауға қағаз түрінде өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен шағымдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны барлығы -26, яғни: аудандық бөлімдермен 14 мақала жарияланып, 99 адам қатысқан 12 семинар-кеңес өткізілген.

Аналитическая справка
Дата публикации
15 января 2021