Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында Ырғыз ауданында да сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, болдырмау жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік мекемелерде «сенім телефоны» мен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға және хаттарға арналған пошталық жәшіктер орналастырылған. Олардың жұмыс істеу тәртібі бойынша ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдары мен бірге интернет рессурстарында әрдайым жарияланып отыр. Бүгінгі күнге дейін сенім телефоны мен сенім жәшігіне сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілер туралы ақпараттар түскен жоқ. Аудан әкімдігінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы парақша ашылып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарына байланысты қабылданатын шаралар, сондай-ақ іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтер мен мақалалар ұдайы жарияланып келеді.
Аудан әкімдігінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жадынама орналастырылды және де азаматтардың сұрақ қоюы үшін аудан әкімінің блогы жұмыс жасайды.
Аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуі кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу қатаң бақылауға қойылған. Барлығы заң талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы жоспарға сәйкес 4 отырыс жоспарланған.
Аудан әкімінің 2021 жылы 23 ақпанда №21-ө өкімімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ішкі талдау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып өз жұмысын жүргізуде.
2020 жылы және ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан бойынша мемлекеттік органдар мен ведомствоаралық ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталған жоқ.
Мемлекеттік мекемелердің қызмет тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурстар өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу жөнінде түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптары қатаң сақталып, барлық бөлімдер мен ауылдық округтердегі, басқа да мемлекеттік органдардағы бұл мәселенің жай-күйі аудан әкімдігінің мәжілістерінде қаралып отырады.
Бүгінгі күнге Ырғыз ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында аудандық «Ырғыз», «Ақпарат айдыны» газеттерінде және әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл тақырыбында 9 мақала жарияланды.
Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «1424 нөмірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгініңіз» атты жадынаманың халық көп жиналатын орындарда орналастырылды және жадынаманы жеке адамдарға 2454 данасы таратылды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 2020 жылы 100 мың теңге бөлініп, іс-шаралар өткізілді. 2021 жылға осы мақсатқа 300 мың теңге қаралып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы көз-қарасты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің деңгейін көтеру мақсатында аудан бойынша 12 баннер орнатылып, 6 баннерді қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның өз сөзінде мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желіде белсенділік танытып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуын тапсырған болатын.
Президент Жолдауымен айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай «ANTIKOR.LIVE», «ADAL KOMEK» жобалары аясында аудан әкімдігінің бірінші қабатында ашықтық және қолжетімділік көрсеткіші ретінде «Ырғыз - адалдық алаңы» (Жобалық кеңсе) және «Ашық әкімдік» кабинеттері жасақталды. Аудан әкімінің қабылдауы мен жауапты тұлғалардың тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаулары және «Тікелей эфирлер» аталған кабинетте өткізіледі.
Сонымен қатар, жобалық кеңсе бағыттарын ескере отырып және тұрғындардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін ескеріп, Инстаграм желісінде тұрақты «Тікелей эфир» айдары ашылды. Ол жерде мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары тұрғындардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап беруде.
2021 жылғы 30 наурызға барлығы 77 "Тікелей эфир" ұйымдастырылды. Одан "Adal komek" жобасы бойынша 49 рет, «Antikor.live» жобасы бойынша 28 рет эфир өткізілді. Оларда тұрғындар тарапынан 20 сұрақ қойылып, тиісті жауаптар берілді.