«Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды бірыңғай басқару (кадр қызметі) және «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімдірінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
«15» наурыз 2021 жыл Ырғыз ауылы
1. «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды бірыңғай басқару (кадр қызметі) бөлімі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2021 жылдың 01-15 наурыз аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Ырғыз ауданы әкімінің 2021 жылғы 23 ақпандағы №21-ө өкіміне сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен «Ырғыз аудан әкімінің аппараты» ММ персоналды бірыңғай басқару (кадр қызметі) бөлімінің 2020 жылғы қызметі қамтылды.
«Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды бірыңғай басқару (кадр қызметі) бөлімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Ырғыз ауданы әкімі аппаратының Ережесін басшылыққа ала отырып атқаруда.
Персоналды бірыңғай басқару (кадр қызметі) бөлімінің штат саны 3 бірліктен тұрады 1-бөлім басшысы Әділбек Нұрлыбек Әділбекұлы аталған лауазымда 2016 жылдың 25 қазанынан бастап қызмет атқарады; 1-бас мамандар Байтақов Ғалымбек Қалмағанбетұлы аталған лауазымда 2019 жылдың 25 желтоқсанынан бастап қызмет атқарады, Жұбаназаров Нүркен Нұртайұлы 2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап қызмет атқарады.
Барлық мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сай өздерінің қызметін атқаруда. Лауазымдық бос орындар жоқ. Негізсіз кадр ауыстыру, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Персоналды бірыңғай басқару (кадр қызметі) бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсетпейді, рұқсат беру функциялары жоқ.
Талдау мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда 2020 жылы мерзімі бұзылған өтініштер болған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11 бабына сәйкес заңнамамен белгіленген уақытта бөлім қызметкерлерімен салық органдарына жеке табыс және мүлік салықтары бойынша декларациялары уақытылы тапсырылған.
Бөлімнің барлық қызметкерлері Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған және айыппұлдар салынбаған.
Еңбек тәртібін бұзу фактісі жоқ.
Мемлекеттік қызметтегі шектеулерді бұзу фактісі анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет кезінде әкімшілік немесе құқық бұзушылық жасаған фактілер болған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау рәсімдеріне шағымдану фактісі жоқ.
Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан мерзімінде өтпеген мемлекеттік қызметшілер анықталған жоқ.
Бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын фактілер анықталған жоқ.
Персоналды бірыңғай басқару (кадр қызметі) бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.«Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі
«Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы»Заңын, Қазақстан Республикасының2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Ырғыз ауданыәкімі аппаратының Ережесін басшылыққа ала отырып атқаруда.
Мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің штат саны 3 бірліктен тұрады 1-бөлім басшысы Аяпбергенов Берік Әділбекұлы аталған лауазымда 2016 жылдың 7 маусымынан бастап қызмет атқарады; 1-бас маман (есепші) Жакенова Ақбөпе Елкейқызы аталған лауазымда 2020 жылдың 24 тамызынан бастап қызмет атқарады; 1-жетекші маман Бейсенбаева Ақмоншақ Айтбайқызы 2014 жылдың 6 қазанынан бастап қызмет атқарады.
Барлық мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сай өздерінің қызметін атқаруда. Лауазымдық бос орындар жоқ. Негізсіз кадр ауыстыру, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсетпейді, рұқсат беру функциялары жоқ.
Талдау мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша 2020 жылы жеке тұлғалардың өтініштері түспеген.
Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылтуралы» Заңының 11 бабына сәйкес заңнамамен белгіленген уақытта бөлім қызметкерлерімен салық органдарына жеке табыс және мүлік салықтары бойынша декларациялары уақытылы тапсырылған.
Бөлімнің барлық қызметкерлері Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған және айыппұлдар салынбаған.
Еңбек тәртібін бұзу фактісі жоқ.
Мемлекеттік қызметтегі шектеулерді бұзу фактісі анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет кезінде әкімшілік немесе құқық бұзушылық жасаған фактілер болған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау рәсімдеріне шағымдану фактісі жоқ.
Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан мерзімінде өтпеген мемлекеттік қызметшілер анықталған жоқ.
Бөлімқызметкерлеріне қатысты мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлесімсіз қызметі туралы лауазымды тұлғалар мен азаматтардан арыздар, өтініштер түскен жоқ, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын фактілер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қорытынды:
Жүргізілген бақылау нәтижесі мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер тиімді деңгейде екендігін куәландырады.
Ырғыз ауданы әкімі аппаратының басшысы Б.Мырзағарин
Құжаттамалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы А.Тұрмағанбетов
Персоналды бірыңғай басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Н.Әділбек
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Б.Аяпбергенов
Төтенше жағдайлар және әскери жұмылдыру жөніндегі бас маман Ү.Боқан
Терроризмге қарсы комиссияның хатшысы Ә.Ералыұлы
Әйелдер істері және отбасылық-деомографиялық саясат, кәмілетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі бас маман Ә.Картанов