Ырғыз аудандық бірыңғай тәртіптік комиссиясының және конкурс комиссиясының 2021 жылғы атқарған жұмыстары

Ырғыз аудандық конкурс комиссиясы 2021 жылы сәуір айының 15-не дейін 5 ішкі және жалпы конкурс отырысын өткізді.
Атап айтсақ:
1) «Ырғыз ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (заңгер) санаты Е-4 (№07-3) бос лауазымына ішкі конкурс өткізілді құжат тапсырған үміткерлердің болмауына байланысты жалпы конкурс жарияланды.
2) «Ырғыз ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (заңгер) санаты Е-4 (№07-3) бос лауазымына жалпы конкурс өткізілді. 1 үміткер Төрежанұлы Житомир құжаттарын тапсырып комиссияның оң шешімін алды.
3) Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы санаты E-R-5 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізілді. Оған 1 үміткер Орынжай Талант Маратұлы құжаттарын тапсырып, комиссияның оң қорытындысын алды.
4) Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы санаты E-R-4 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізілді. Бұл конкурсқа 2 үміткер Нұрыбаева Шолпан Амантайқызы және Қайнадин Дулат Нұрханұлы құжаттарын тапсырып, Нұрыбаева Шолпан Амантайқызы бос лауазымға ұсынылды.
5) Нұра ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы санаты Е-G-3 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізіліп, 1 үміткер Төлебай Жолаушыбай Төлебайұлы құжаттарын тапсырып, комиссияның оң шешімін алды.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 20-21 күндеріне Ырғыз ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы санаты E-G-4 жалпы конкурс, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы санаты E-R-1 ішкі конкурс, аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы санаты E-R-1 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ішкі конкурс отырысы жарияланды.

Аудандық бірыңғай тәртіптік комиссиясының 2021 жылғы 15 ақпанда бірінші отырысы өтті. Ол отырыста Ырғыз ауданы әкімі аппаратының әйелдер істері жіне отбасылық-демографиялық саясат, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі бас маманы А. Картановтың және Ырғыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С. Абайұлының тәртіптік жазаларын алып тастауға келісім беру туралы мәселелер қаралып, комиссия бір ауыздан келісімдерін берді.
2021 жылдың 7 сәуірінде бірінші мәселе Ырғыз ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Тұрмағанбетов Айбек Фазылбекұлының және аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Бақытқали Азамат Бақытқалиұлының тәртіптік жауапкершіліктерін қызметтік тергеп-тексеру жүргізу арқылы қарап, Бақытқали Азамат Бақытқалиұлына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылып, Тұрмағанбетов Айбек Фазылбекұлының кінәсі делелденбеді.
Екінші мәселе аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Бердалин Медет Дүйсенбайұлының тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алып тастауға келісім беру туралы аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының ұсынысын қарап, тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынып тасталынды.

Отчетная информация
Дата публикации
16 апреля 2021