Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы №196 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 және 139-баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Ырғыз ауданы әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы №196 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6462 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 19 қарашада жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауы келесідей редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» ;
қаулының 1-тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. «Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Ә.Әуелбаев

Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
____________Н.Қызбергенов
«____» ___________ 2021 жыл

НҚА жобасы
Дата публикации
26 марта 2021