Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №366 «2021-2023 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7953 тіркелген, 2021 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер «60 342» сандары « 77 973» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
трансферттер түсімі «57 866» сандары «75 497» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар «60 342» сандары «78 356,5» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы «0» сандары «- 383,5» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру «0» сандары «383,5» сандарымен ауыстырылсын;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары «0» саны «383,5» сандарымен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2021 жылға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға-17631 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Ырғыз аудандық мәслихатының сессия төрағасы
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы