Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №365 «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7950 тіркелген, 2021 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақшасында:
шығындар «348656» сандары «349092,7» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы (профициті) «0» сандары «-436,7» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) «0» сандары «436,7» сандарымен ауыстырылсын;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары «0» саны «436,7» сандарымен ауыстырылсын.
6 тармақта:
үшінші абзацта «215972» сандары «250513» сандарымен ауыстырылсын.
6 тармақ:
Мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«автомобиль жолдарын орта жөндеудің сметалық есебін дайындауға – 2000 мың теңге»
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының сессия төрағасы
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы