Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 қаңтардағы №369 «2021-2023 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7962 тіркелген, 2021 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1)тармақшасында:
кірістер «22 836» сандары «24 836» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
трансферттер түсімі «20 359» сандары «22 359» сандарымен ауыстырылсын;
2)тармақшасында:
шығындар «22 836» сандары «25 092,7» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы (профициті) «-0» саны «-256,7»сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) «0» саны «256,7» сандарымен ауыстырылсын;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары «0» саны «256,7» сандарымен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2021 жылға арналған Нұра ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
«елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жұмыстарының сметалық құжатын дайындауға -1 000 мың теңге;
автомобиль жолдарын орташа жөндеудің сметалық құжатын дайындауға- 1 000 мың теңге.».
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы