"Ырғыз аудандық мәслихатының «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №359 «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешім жобасы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9, 106 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №359 «2021-2023 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7843 тіркелген, 2020 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер «4 695 507» сандары «4 845 031,1» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
трансферттер түсімі «4 161 409» сандары «4 310 933,1» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар «4 695 507» сандары «4 944 710,8» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы «- 48 328» сандары «-148 007,7» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру «48 328» сандары «148 007,7» сандарымен ауыстырылсын;
қарыздарды өтеу «17 304» саны «17 304,8» сандарымен ауыстырылсын.
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары «0» саны «99 680,5» сандарымен ауыстырылсын.
9-тармақта:
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауға - 111 893 мың теңге;
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға-37 631 мың теңге.».
10-тармақта:
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елдi мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға-37 631 мың теңге;
елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жұмыстарының сметалық есебін дайындауға -2 000 мың теңге;
автомобиль жолдарын орташа жөндеудің сметалық есебін дайындауға- 4 000 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Ырғыз аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы

НҚА жобасы
Дата публикации
26 февраля 2021