Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2021 жылдың қаңтар айында 46,9 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 96,9 пайыз.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2021 жылдың қаңтар айында 455,5 млн. теңге немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7 пайызға өсті.
Инвестиция. Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 82,1 млн. теңге, немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне-34,0 пайыз. Оның ішінде жеке көздерден 82,050 млн.теңге (өткен жылы 254,4 млн.теңге).
Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,0 млн.теңге, 2020 жылдың сәйкес кезеңінде -4,3 млн.теңге, немесе 23,9 пайыз.
Барлығы 911 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,6 пайыз.
Кәсіпкерлік. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 779 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,9 пайыз. Белсенді субъектілер саны-773 бірлік, немесе өткен жылға 111,7 пайыз.
Бөлшек сауда. Бөлшек сауда айналымының көлемі 112,9 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 125,6 пайыз.
Жұмыспен қамту. 2021 жылдың қаңтар айында 15 жаңа жұмыс орны ашылды (100,0 пайыз), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 114 (237,5 пайыз).
2020 жылдың қаңтар айында 135 отбасындағы 800 адамға 4772,1 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды.
Бюджет. Жергілікті бюджетке 14,2 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 18,3 млн. теңге, немесе 128,7 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 8,4 пайызға немесе 1,6 млн.теңгеге кеміді. Бюджет шығысы 91,2 пайызға атқарылды.