"Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 390 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бірінші кезең: 2020 – 2025 жылдар) (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне мен ұйымдар (келісу бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 917 қаулысымен бекітілген |
Жүктеу
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Болжамды шығыстар |
Қаржыландыру көздері |
кестенің жалғасы
Жүктеу
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
I. Азаматтық қоғамды дамытуды құқықтық реттеу құралдарын жетілдіру |
||||||
|
1. |
"Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2021 жылғы |
талап етілмейді |
|
|
2. |
Заңнамаға қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2020 жылғы |
талап етілмейді |
|
|
3. |
Заңнамаға ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2020 жылғы |
талап етілмейді |
|
|
4. |
Азаматтардың реформалар мен ұсыныстарға бастама жасауы үшін бірыңғай заңды онлайн-петиция институтын құру мақсатында нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2021 жылғы |
талап етілмейді |
|
|
5. |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық және волонтерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2022 жыл |
талап етілмейді |
|
|
6. |
"Қазақстан Республикасының заңнамасына коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2023 жыл |
талап етілмейді |
|
|
7. |
ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру қағидаларына өзгерістер енгізу |
бұйрық |
АҚДМ |
2021 жыл |
талап етілмейді |
|
|
8. |
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақылар беру қағидаларына өзгерістер енгізу |
бұйрық |
АҚДМ |
2021 жыл |
талап етілмейді |
|
|
II. Азаматтық белсенділікті қолдау және дамыту |
||||||
|
9. |
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына волонтерлік қызметтің қосқан үлесін бағалау әдістемесін әзірлеу |
ұсынымдар |
АҚДМ |
2022 жыл |
талап етілмейді |
|
|
10. |
Салалық волонтерлікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру |
АҚДМ-ға ақпарат |
АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2021 – 2023 жылдар ішінде |
2021 жыл – 69 580 |
РБ 004 |
|
11. |
"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын өткізу |
сыйлық номинанттарының тізімі |
АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын |
талап етілмейді |
|
|
12. |
"Жомарт жүрек" сыйлығы шеңберінде қайырымдылық жасаушыларға, меценаттарға, волонтерлерге құрмет көрсету |
сыйлық номинанттарының тізімі |
АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын |
талап етілмейді |
|
|
13. |
ҮЕҰ арналған өңірлік ресурстық орталықтардың қызметін ұйымдастыру |
АҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
|
14. |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында қайырымдылық саласының өзекті мәселелерін қарау және талқылау |
Кеңес хаттамасы |
АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын |
талап етілмейді |
|
|
15. |
Азаматтардың шешім қабылдауға қатысуына бағытталған әлеуметтік жобаны іске асыру |
қорытынды |
АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2021 – 2023 жылдар ішінде |
2021 жыл – 9 079 |
РБ 004 |
|
16. |
"Асар" үшжақты әріптестік платформасын дамыту (мемлекет, бизнес, ҮЕҰ) |
форум |
АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2021 – 2023 жылдар ішінде |
2021 жыл – 8 392 |
РБ 004 |
|
17. |
Азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мәселелері бойынша ЖОО-лардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту |
АҚДМ-ға ақпарат |
БҒМ, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісу бойынша) |
2021 – 2025 жылдар ішінде |
талап етілмейді |
|
|
III. Азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының шешімдер қабылдау процесіне және мемлекеттік істерді басқаруға қатысу деңгейін арттыру |
||||||
|
18. |
Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту және азаматтардың реформалар мен ұсыныстарға бастама жасауы үшін бірыңғай онлайн-петиция институтын құру тетіктерін әзірлеу |
бұйрық, |
АҚДМ |
2022 жыл |
талап етілмейді |
|
|
19. |
Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу |
АҚДМ-ға ақпарат |
СЖҚА, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2021 – 2023 жылдар ішінде |
2021 жыл – 2 954 |
РБ 015 |
|
20. |
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы кешенді баяндама дайындау |
баяндама |
АҚДМ |
2021 – 2023 жылдар ішінде |
2021 жыл – 7 307 |
РБ 004 |
|
21. |
ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту |
ұсынымдар |
АҚДМ, СЖҚА, мүдделі |
2021 жыл |
2021 жыл – 4026 |
РБ 004 |
|
22. |
Уәкілетті орган жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру |
отырыс |
АҚДМ |
жартыжылдық бойынша, 2020 – 2025 жылдар ішінде |
талап етілмейді |
|
|
23. |
ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестердің қызметін жандандыру |
ұсынымдар |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын |
талап етілмейді |
|
|
24. |
ҮЕҰ-мен бірлесіп, өңірлерде жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру қағидаттарын, тетіктерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар өткізу |
АҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын |
талап етілмейді |
|
|
25. |
Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін интернет-ресурста орналастыру арқылы халықтың қоршаған ортаға эмиссиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету |
тіркелім |
ЭГТРМ |
2021 – 2022 жылдар ішінде |
2021 жыл – 9 402 |
РБ 037 |
|
26. |
Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындау |
ұлттық баяндама |
ЭГТРМ |
2021 – 2022 жылдар ішінде |
2021 жыл – 18 095 |
РБ 037 |
|
27. |
"Экологиялық ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету |
мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
ЭГТРМ |
2021 – 2022 жылдар ішінде |
2021 жыл – 3 282 |
РБ 037 |
|
28. |
Жергілікті қоғамдастықтың мүдделері мен қажеттіліктерін бағалау негізінде ауылдық/қалалық аумақтарды инклюзивті жоспарлау тәсілдерін енгізу |
ұсынымдар |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2021 – 2022 жылдар ішінде |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
|
IV. Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайту |
||||||
|
29. |
"ҮЕҰ академиясы" жобасын іске асыру |
ұсынымдар, қорытынды |
АҚДМ |
2021 – 2023 жылдар ішінде |
2021 жыл – 15 483 |
РБ 004 |
|
30. |
Қазақстанның Азаматтық форумын ұйымдастыру және өткізу |
ұсынымдар |
АҚДМ, мүдделі |
2022 жыл |
2022 жыл – 43 476 |
РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" |
|
31. |
Өңірлік Азаматтық форумдарды ұйымдастыру және өткізу |
ұсынымдар |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2022 жыл |
көзделген қаражат шегінде |
ЖБ |
|
32. |
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ҮЕҰ-мен, Орхус орталықтарымен, мемлекеттік органдармен, табиғат пайдаланушылармен кеңес |
кеңес |
ЭГТРМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2021 – 2023 жылдар ішінде |
2021 жыл – 390 |
РБ 037 "Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту" |
|
V. Қазақстандағы БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын имплементациялауға азаматтық қоғамды тарту |
||||||
|
33. |
Азаматтық қоғам ұйымдарының қатысуымен ОДМ-ді іске асырудың қоғамдық мониторингін ұйымдастыру |
АҚДМ-ға ақпарат |
АҚДМ, мүдделі |
2021 – 2025 жылдар ішінде |
талап етілмейді |
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ЖОО – жоғары оқу орны
ОДМ – орнықты даму мақсаттары
СЖҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.