Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесінің 2020 жыл бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі

Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесі жаңа құрамда өз жұмысын аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 29 наурыздағы №218 шешімімен бекітілген ережеге сәйкес және 2020 жылға арналған кеңес жоспары бойынша жүргізді.
2020 жылы түрлі мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің 8 отырысы өткізіліп, 20 мәселе тыңдалды.
Бұл мәселелерден бөлек, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 5- бабына сәйкес, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын нормативтік құқықтық актілердің 75 жобасы талқыланды.
Қоғамдық кеңестің жұмысының негізгі бағытының бірі қоғамдық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Қоғамдық бақылау – бұл қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызмет.
Аудандық «Ырғыз» газетінде Қоғамдық кеңестің отырыстары мен қоғамдық бақылау жұмысы туралы 7 мақала (№5, 10, 37, 45, 46, 47, 49), «Халық ақпарат» қоғамдық – саяси және ақпараттық-жарнамалық газетінде 3 мақала (№172, 202, 180) және аудан әкімдігінің интернет-ресурсы мен әлеуметтік парақшаларында материалдар жарияланды.

Кеңес есебі
Дата публикации
11 января 2021