Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №333 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7502 тіркелген, 2020 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
6 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«6. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
9 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Ай сайынғы әлеуметтік көмек кірісті есепке алмай көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде уәкілетті органның ұсынған тізімдері негізінде;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде уәкілетті органның ұсынған тізімдері негізінде;
3) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының (бұдан әрі – «Ардагерлер туралы» Заң) күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерiнде;
4) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде «Ырғыз аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдері негізінде;
5) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға ай сайын ұсынылатын «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ырғыз аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдері негізінде, жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедектерге және оларды ертіп жүруші тұлғаларға «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін.
Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.»;
10 тармақта:
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырсын:
«11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға және пробация қызметінің есебінде тұрғандарға 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте.»;
14 тармақта:
1) тармақшасында:
төртінші абзацта:
«50 000 (елу мың)» сандары мен сөздері «100 000 (жүз мың)» сандары мен сөздерімен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
«30 000 (отыз мың)» сандары мен сөздері «100 000 (жүз мың)» сандары мен сөздерімен ауыстырылсын.
2. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық
мәслихаты сессиясының төрағасы
Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы