- Ырғыз ауылдық округі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1995 жылдан бастап Ырғыз селолық округі болып құрылды.
- Округ бойынша халық саны 7629 адам, оның ішінде Ырғыз ауылында 6773 адам, Ақши ауылында 564 адам, Қалыбай ауылында 292 адам тұрады.
- Ауылдық округ 3 елді мекеннен тұрады. Ырғыз ауылы, Ақши ауылы, Қалыбай ауылы.
- Ауылдық округтің орталығы Ырғыз ауылы, Шалқар темір жол станциясынан 156 км, облыс орталығынан 450 км қашықтықта орналасқан.
- Ауылдық округте 2013 жылдың қаңтар айынан бастап жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдастығы құрылып жұмыс жасап келеді.
- Жергілікті қоғамдастық құрамы 71 адамнан тұрады.