Ырғыз аудандық жер комиссиясының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілген конкурстың хаттамасы
Ырғыз ауылы №2 «21» қаңтар 2021 жыл
Қатысқандар: Комиссия төрағасының орынбасары А.Ералин, комиссия мүшелері А.Нұрекешов, Г.Шамиева, А.Бейсенбайұлы, Н.Таңқаев, Н.Садықов, Е.Сердалин, Ж.Төлебай, Ә.Өтеген, Н.Қарабаев, Қ.Хамитов, М.Сейілханов, Қ.Ізтілеуов, К.Тілеужанов, О.Ипанов, А.Әлібекұлы, М.Санымбаев, А.Махаеев, В.Машина, А.Сарин, С.Дәрменов
Комиссия хатшысы А.Бақытқали.
Қатыспағандар: Комиссия төрағасы Н.Қызбергенов (басқа қызметке ауысуына байланысты), комисссия мүшелері С.Мәдіғали (қызметтен кетуіне байланысты), Б.Ниязымбетов (конкурсқа қатысушы).
КҮН ТӘРТІБІ :
1.Комиссия барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделеді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексерді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі, міндеттемелердің бар жоқтығы бойынша салыстыруды жүзеге асырды.
Ырғыз аудандық жер комиссиясы, Қазақстан Республикасының жер кодексінің 43 бабы 2 тармағы, 43-1 бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану ( жалға алу ) құқығын беру жөніндегі конкурсқа түскен барлық өтінімдерді әр лот бойынша зерделеп, өтінімдерді бағалап салыстыра отырып, балл беру жолымен бағаланып, салыстыру кестесі негізінде ашық дауыс беру арқылы
ШЕШІМ ЕТТІ: