2021 жылға арналған Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округін дамыту бағдарламасы

2021 жылға арналған Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округін дамыту бағдарламасы

- Аманкөл ауылдық округі аудан орталығы Ырғыз селосынан 30 км қашықтықта, облыс орталығы Ақтөбе қаласынан 475 км, Шалқар темір жол станциясынан 160 км қашықтықта орналасқан және онда 1086 адам тұрады. Құтикөл селосынан 45 километр қашықтықта «Батыс Еуропа –Батыс Қытай »халықаралық автомобиль жолы өтіп жатыр. Дамыту бағдарламасы ауыл экономикасының дамуына, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың өркендеуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықты еңбекпен қамтуға бағытталған шаралардың іске асырылуын қарастырады.

- Округ бойынша халық саны 2003 адам, оның ішінде Құтикөл ауылында 1106 адам, Аманкөл ауылында 591 адам, Жарма ауылында 306 адам тұрады.

- Ауылдық округ 3 елді мекеннен тұрады. Құтикөл ауылы, Аманкөл ауылы, Жарма ауылы.

- Ауылдық округте 2013 жылдың қаңтар айынан бастап жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдастығы құрылып жұмыс жасап келеді.

- Жергілікті қоғамдастық құрамы 11 адамнан тұрады.

Дамыту бағдарламасы
Дата публикации
18 января 2021