2021 жылға арналған Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округін дамыту бағдарламасы

- Қызылжар ауылдық округі Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданының батыс бөлігінде орналасқан. 1957 жылы Калинин, Жаңақұрлыс, Ворошилов, Киров ұжымшарлары Калинин атындағы кеңшарға айналдырылды. Калинин селолық Кеңесі 1995 жылдан бастап Қызылжар селолық округі деп аталады.

- Округ бойынша халық саны 2352 адам, оның ішінде Құрылыс ауылында 1031 адам, Жаныс би ауылында 668 адам, Шенбертал ауылында 653 адам тұрады.

-Ауылдық округ 3 елді мекеннен тұрады. Құрылыс ауылы, Жаныс би ауылы, Шеңбертал ауылы.

- Ауылдық округтің орталығы Құрылыс ауылы, аудан орталығынан 55 км, Шалқар темір жол станциясынан 160 км, облыс орталығынан 400 км қашықтықта орналасқан.

- Ауылдық округте 2013 жылдың қаңтар айынан бастап жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдастығы құрылып, жұмыс жасап келеді.

- Жергілікті қоғамдастық құрамы 13 адамнан тұрады.

Өңірді дамыту бағдарламасы
Дата публикации
18 января 2021