Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 69 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі алгоритм бекітілсін.
2.Облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері:
-эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қантарға дейін күніне дейінгі кезеңде тәуекелі жоғары және орташа аймақтарда (қызыл және сары аймақтарда) болатын өңірлерде сайлау комиссияларының мүшелерін, сенім білдірілген адамдарды, байқаушыларды ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуді (бұдан әрі – ПТР-тестілеу) ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін;
-елді мекендер бөлінісінде ПТР-тестілеуге жататын адамдардың тізімдерін жасасын және «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы», «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалдарына және ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне ұсынсын;
-ПТР-тестілеуге жататын адамдарды ақпараттандыруды және хабардар етуді қамтамасыз етсін, олардың сақтандырылу мәртебесін алуды пысықталсын;
-ПТР-тестілеуге тартылған зертханалардың тізбесін айқындасын;
-нақты зертханаға бекітіп бере отырып, зерттеп-қарау кестесін жасасын және оны аумақтық сайлау комиссияларының, сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың назарына жеткізсін;
-контингент үшін тіркеу, зертханаға жолдама жасау және ПТР-тестілеу көрсетілетін қызметтерінің есебін жүргізу бойынша медициналық ақпараттық жүйелерді пысықтасын;
-тесттен өтушілердің зертханаларда жиналуын, ұзақ күтуін және тестілеу үшін келетін және нәтижелер алатын адамдар легінің қиылысуын болдырмауды қамтамасыз етсін;
-тестілеу нәтижелерін материал алған сәттен бастап 2 тәуліктен кешіктірмей беруді қамтамасыз етсін;
-жергілікті атқарушы органдар мен денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында байланыс телефондарын көрсете отырып, ПТР-тестілеуді ұйымдастыруға, өткізуге жауапты адамдардың тізімін; тестілеуге тартылған зертханалардың; сенім білдірілген адамдар мен байқаушыларға медициналық көмек көрсету үшін (қажет болған жағдайда) медициналық ұйымдардың тізбесін орналастырсын.
3.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері өңірлерде осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4.Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының әкімдеріне, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларына, саяси партияларға, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығына жұмыста басшылыққа алу үшін жіберілсін.
5.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау вице-министрі –
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы отырысының
2020 жылғы _29_ желтоқсандағы
№ _55_хаттамасымен

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 69 қаулысы
Дата публикации
30 декабря 2020