Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2021 - 2023 жылдарға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер –10 219 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер –487 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 9 722 мың теңге;
2) шығындар –10 219 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу –0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер –0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу –0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5)_бюджет тапшылығы (профициті)– - 0 мың теңге;
6)_бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)–0 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу –0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:
Салықтық түсімдер:
жеке табыс салығы;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан көлік құралдары салығы;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;
елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдалантын автмомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы.
Салықтық емес түсімдер:
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша.
3. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 - бабына сәйкес белгіленгені назарға және басшылыққа алынсын:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 42 500 теңге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге.
4. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы «___» желтоқсандағы №___ «2021– 2023 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне сәйкес аудандық бюджеттен Жайсаңбай ауылдық округ бюджетіне берілген субвенция көлемі 2021 жылға 9 722 мың теңге сомасында көзделді.
5. 2021 жылға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджет арқылы республикалық және облыстық бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге-80 мың теңге;
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.
6. 2021 жылға арналған Жайсаңбай ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:
мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге - 302 мың теңге;
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.
7. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
8. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының сессия төрағасы
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы