2026 жылғы 13 қазанда Ырғыз аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.
Отырыста Ырғыз аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
