Ырғыз аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына, 101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ырғыз ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Төрағасы                                                                             Б.Итібаев

 Хатшы                                                                                  Д.Қызбергенов

 

№ 18

13 қазан   2026 жыл                  

Дата публикации
13 октября 2026