№4 Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстың хаттамасы

Ырғыз ауылы 22 желтоқсан 2020 жыл

Конкурстың басталу уақыты: 14 30 –де
Конкурстың аяқталу уақыты: 17 00- де

С.К.Қонақбаев - Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
А.Қ.Тұртаев - Ырғыз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
А.Л.Нұрекешов - Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Б.Б.Тогаев - Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары
С.Тулепбергенов - «Ассоциация BD» балықшылардың қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің Республикалық қауымдастығы Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі директорының орынбасары
М.А.Әттиев - Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

А.Т.Ералин - Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы


1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі №82 қаулысымен (конкурстық комиссияны құру жөніндегі конкурсты ұйымдастырушының актісі, құжаттың күні және нөмері көрсетілсін) Ырғыз ауданы бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнiнде конкурс өткiзілдi.
2. Конкурсқа конкурстық өтінімнің 7 (жеті) пакет келіп түсті (өтінім берген су айдындарын және (немесе) учаскелері көрсетіле отырып, конкурс қатысушыларының тізімі №1 қосымшада қоса берілген).
3. Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық өтiнiмдердiң Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарына сәйкестігін қарап, және пікірлермен алмаса отырып, ШЕШТI:
1) __5_(бес)__ өтінімдерін Конкурсқа одан әрі қатысуын кейінге қалдыру (конкурстық өтінімдерді кейінге қалдыру себептерін көрсете отырып, Конкурсқа жіберілмеген қатысушылардың тізімі №2 қосымшада).
2) жануарлар дүниесін пайдаланушыларға келесі балық шаруашылығының су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілсін (балық шаруашылығының су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі №3 қосымшада).

Хаттама №4
Дата публикации
23 декабря 2020