2026 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 982,0 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 115,0 пайыз.

Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 11391,5 млн. теңге немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,5 пайыз.

Инвестиция.

Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 6535,5 млн. теңге, немесе 2025 жылдың сәйкес  кезеңіне – 54,2 пайыз. Оның ішінде:

-жергілікті бюджеттен 393,0 млн.теңге (өткен жылы 2920,3 млн. тенге);

-жеке көздерден 5968,1 млн.теңге  (өткен жылы 4864,6 млн.теңге);

-басқалай 174,3 млт тенге (өткен жылы 3115,3 млн. тенге).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 1030,4 млн.теңге, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде 736,3 млн.теңге.

Барлығы 6944 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,9 пайыз.  

Кәсіпкерлік.

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 826 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88,9 пайыз.

Белсенді субъектілер саны-821 бірлік, немесе өткен жылға 88,8 пайыз.

Бөлшек сауда.

          Бөлшек сауда айналымының көлемі 4610,8 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 120,7 пайыз.

          Көтерме сауда айналымының көлемі 718,7 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 68,5 пайыз.

  Жұмыспен қамту.

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 518 жаңа жұмыс орны ашылды. (2025ж-769), 740 адам еңбекке орналасты (2025ж-1064), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 253 (2025ж-342).

Бюджет.

Жергілікті бюджетке 639,0 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 749,7 млн. теңге, немесе 117,3 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 26,4% немесе 269,1 млн.теңгеге кеміген.

Бюджет шығысы 82,1 пайызға  атқарылды.

Дата публикации
16 сентября 2026