2026 жылдың қаңтар-шілде айларындағы ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 796,6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 114,7 пайыз.

Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында 8380,8 млн. теңге немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайыз.

Инвестиция.

Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 6291,9 млн. теңге, немесе 2025 жылдың сәйкес  кезеңіне – 57,9 пайыз. Оның ішінде:

-жергілікті бюджеттен 286,5 млн.теңге (өткен жылы 2367,5 млн. тенге);

-жеке көздерден 5831,1 млн.теңге  (өткен жылы 4750,6 млн.теңге);

-басқалай 174,3 млнт тенге (өткен жылы 3115,3 млн. тенге).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 453,3 млн.теңге, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде 556,5 млн.теңге.

Барлығы 6373 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,1 пайыз.  

Кәсіпкерлік.

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 825 бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88,9 пайыз.

Белсенді субъектілер саны-818 бірлік, немесе өткен жылға 89,0 пайыз.

Бөлшек сауда.

          Бөлшек сауда айналымының көлемі 3943,8 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 121,6 пайыз.

          Көтерме сауда айналымының көлемі 636,7 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 72,3 пайыз.

  Жұмыспен қамту.

2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 446 жаңа жұмыс орны ашылды. (2025ж-527), 664 адам еңбекке орналасты (2025ж-896), оның ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа бағытталғаны– 250 (2025ж-334).

Бюджет.

Жергілікті бюджетке 570,5 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 590,8 млн. теңге, немесе 103,6 пайызға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімі 29,1% немесе 241,9 млн.теңгеге кеміген.

Бюджет шығысы 64,1 пайызға  атқарылды.

Дата публикации
18 августа 2026