«Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы №274 «2020-2022 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қаңтардағы №274 «2020-2022 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6733 тіркелген, 2020 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер «43 624» сандары «43 369» сандарымен ауыстырылсын:
оның ішінде:
трансферттер түсімі «41 179» сандары «40 924» сандарымен
ауыстырылсын;
2-тармақшасында:
шығындар «43 624» сандары «43 369» сандарымен ауыстырылсын;
5-тармақта:
екінші абзацта:
«2 033» сандары «2 154» сандарымен ауыстырылсын;
үшінші абзац алынып тасталсын.
2.Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ырғыз аудандық мәслихаты                      Ырғыз аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы                                хатшысы

Шешім жобасы
Дата публикации
15 декабря 2020