2026 жылғы 7 маусымда Ырғыз ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14- бабының 9) тармақшасына, 44- бабының 2-тармағына, 45- бабына, 113-10- бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қызылжар ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды:
Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 1186 азамат енгізілді, олардың 811 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны -32, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дербісалин С.Б – 146; Жәнібекұлы А – 493;
Қобанов Р.Қ– 134.
Жәнібекұлы Асылан, 1990 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз, Ырғыз ауданы Құрылыс ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясымен ұсынылған, Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы