«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызылжар ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Дербісалин Сұңғат Болатұлы, 1980 жылы дүниеге келген, «Ырғыз ауданы мәслихатының аппараты» ММ, бөлім басшысы, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Жәнібекұлы Асылан, 1990 жылы дүниеге келген, уақытша жұмыссыз. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құрылыс ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» ҚБ Ырғыз аудандық филиалы ұсынған.
- Қобанов Руслан Құдайбергенұлы, 1989 жылы дүниеге келген, «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ, аудан әкімінің көмекшісі, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.