Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

 

1) Қызылжар сайлау округі - Қызылжар ауылдық округі аумағының шекараларында;

 

  1. Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ырғыз» газетінде жариялансын.

 

 

 

Ырғыз аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                Б.Итібаев

 

Ырғыз аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                Д.Қызбергенов

 

Дата публикации
29 апреля 2026